Полицейлер 127 заңсыз қоқыс орнын анықтады (видео)

280

0

Сурет: polisia.kz

15 сәуірден бастап республика аумағында тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын қоқысқа белгіленбеген жерлерде қалдырып кету, сұйық қалдықтарды заңсыз төгу фактілеріне жол бермеу бойынша арнайы акция өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Акция басталғалы бері полицейлер 127 заңсыз қоқыс орнын анықтады. Олардың 32-сі елді мекендерден шалғай жерлерде орналасқан.

Жалпы 19 274 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 5 488 факті ортақ пайдалану орындарын ластаумен, 13 786 факті абаттандыру ережелерін бұзумен байланысты.

ІІМ азаматтарды табиғатты аялауға, қоршаған ортаны ластамауға, экологиялық заңнаманы сақтауға үндеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<