Аға тәлімгерлерге арналған көшпелі тәжірибелік сабақ өткізілді

515

0

Бүгінгі күні білім беру ұйымдарындағы нәтиже – білім алушылардың жетістік ортасын құру болып табылады, өйткені мектепте білім алушылардың сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастыру мәселесі ерекше маңызға ие және мемлекеттің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл жалпы орта білім берудің құндылықтары арқылы заманауи білім беру стандартында сипатталады.

Сондықтан қазіргі заман жағдайында білім берудің негізгі міндеті білім алушыға «заттар кеңістігінен адам іс-әрекеті, өмірлік мәні мен құндылықтары кеңістігіне шығуға» көмектесу болып табылады. Бұл өз кезегінде білім беру ұйымдарындағы аға тәлімгерлердің құзіреттілігін кеңейтуді талап етеді.

2 мамырда Шиелі ауданындағы №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясында орта білім беру ұйымдарының аға тәлімгерлеріне арналған «Білім беру ұйымдарындағы аға тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына «Ұлттық құндылық – тәрбие негізі» атты көшпелі тәжірибелік сабақ өткізілді.

Тәжірибелік сабақ орта білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау және оларды тиімді ұйымдастыру бойынша аға тәлімгердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.

Сабақтың тәжірибелік бөлімінде тәрбие жүйесіндегі ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған «Бір мақал – бір бауырсақ» әдісімен келген қонақтарды қарсы алу рәсімі, көңілді үзіліс, музей сағаты, Жас ұландарды ұйымға қабылдаудың салтанатты іс-шарасы, дебат фракциясы бойынша «Ұшқыр ой» алаңында кездесу тренинг сағаттары өткізілді.

Аға тәлімгерлер қатысқан тәжірибелік сабақтың соңында тиімді кері байланыс беріліп, ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Тәжірибелік жұмыс көрсеткен қатысушылар институт директорының Алғыс хаттарымен марапатталды.

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының қолдауымен аға тәлімгердің кәсіби дағдыларын дамытуға, құзыреттілік деңгейін арттыруға, олардың қызметін әдістемелік қолдауға және курстан кейінгі сүйемелдеуге бағытталған шаралар жыл бойы жалғасатын болады.

Жанар Құлымбетова,
«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының тренері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<