Қазалыда «Мөлдір бұлақ » апталығы аясында жаппай сенбілік өтті

330

0

Фото: Қазалы ауданы

Бүгін Қазалыда еліміз бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында жаппай сенбілік жұмыстары өткізілді.

Жүргізілген сенбілік жұмыстары барысында Әйтеке би кентінің орталық көшелері мен шет аймақтары, өндірістік аймақтар, қазақ – орыс қорымдарының аумағы, «Водокачкаға» барар жол, аудан аумағындағы каналдар мен өзендердің, бұлақтардың, аяқ су арықтарының айналасы шашылған күл-қоқыстардан тазартылды.

Тазалық жұмыстарына мекеме, кәсіпорын қызметкерлерінен бөлек аудан тұрғындары да белсене атсалысып, өздерінің аулалары мен көшелерін тазалады.

Аудан бойынша жалпы сенбілікке 136 мекеме, 2266 адам, 33 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ 29.7 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы орынға шығарылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<