Аудан басшысы бірқатар нысандарды аралады

372

0

Фото: Қармақшы ауданы

Кеше аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі бірқатар нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты.

Алдымен, аудан басшысы Т. Рысқұлов пен К. Тәуекелов көшелеріндегі абаттандыру жұмыстарын көрді. Қазіргі таңда, аталған көшелерге жаяу жүргінші жолын салу, жарық шамдар орнату, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі тиісті сала басшыларына жұмыстардың сапалы әрі мерзімінде атқарылуын қатаң қадағалауды тапсырды.

Одан кейін, аудан әкімі «Шығыс» каналын абаттандыру, жаяу жүргінші жолын салу, қоршау, көгалдандыру жұмыстарының барысын бақылады. Жауапты мердігерге атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы орындалуын және тұрғындарға қолайлы болу үшін барлық қажетті жағдайлардың жасалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Қармақшы ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<