Қызылорда полицейлері жергілікті тұрғынның үйінен аса ірі мөлшерде есірткі тапты

399

0

Сурет: ҚР ІІМ

Кинология қызмет орталығының қызметтік-іздестіру итінің көмегімен полиция қызметкерлері Қармақшы ауданының тұрғынының сарайынан 1 қапқа және 3 полиэтилен пакетке салынған өзіне тән иісі бар жасыл түсті шөп тәріздес зат тапты, деп хабарлады Рolisia.kz.

Тағайындалған сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген шөп тәріздес зат салмағы 10 келіден астам кептірілген марихуана болып шықты.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, өңірде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Шынар БЕКБАН

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<