«Енесі мен қайын апалары соққыға жыққан». Желіде келіннің жантүршігер видеосы тарады

468

0

Көрнекі фото, ашық дереккөзден

Желіде «енем мен қайын апаларымнан қорлық көрдім» деген келіннің видеосы тарады. Видео авторының айтуынша, әйел терезе әйнегіне тілінген. Қызылорда облысы Полиция департаменті бұл іске қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Әйелді енесі екі сіңлісімен келіп, соққыға жыққан. 

«Енемнің аты – Бимаханова Жарқынай. Қайын апаларымды алдына салып әкеліп тұр. Бір ай бұрын үйде ұрысқанбыз екеуміз. Ол кезде де мені күйеуіме өтірікші етіп шығарып, айтпағанды айтты қылып, бәріне жаман қылған. Оны мен дәлелдей алмадым. Өз үйіме кеттім. Күйеуім «ажыраспаймыз, бірақ бөлек тұрамыз» деді. Ол жаңадан соққан коттедж үйінде тұрайын деп жатқанмын. Енем маған «сен неге кірдің?» деп, атама барып, «келінмен қатын болып тұрасың ба?» деп жала жапты», – дейді үш баланың анасы. 

Видеода әйелдің аяқ-қолы тартылып тұрғаны көрінеді. 

Қызылорда облысы Полиция департаменті бұл іске қатысты пікір білдірді. 

«Биыл 12 мамырда сағат 16:00 шамасында Қызылорда облысының көпбейінді ауруханасының қабылдау бөліміне 1996 жылы туған азаматша дене жарақатымен келіп түскен. Осы оқиға бойынша азаматша А.Қ. арызы негізінде қайын апасына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамасы рәсімделіп, жәбірленушінің дене жарақатының дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасынан өтуге қаулы берілді», – делінген жауапта. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<