Қызылордада Отан соғысының ардагері қайтыс болды

2740

0

Фото: облыс әкімдігі

Қызылорда облысында екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан қарт майдангер Төлеген Жүнісов 102 жасында қайтыс болды.

Қан майданда Берлин шайқасына дейін қатысып, жеңіс туын желбіреткен соғыс ардагері небәрі 19 жасында майдан даласына аттанған.

Ол жаяу әскер сапында пулеметші болған. Украинаның бірнеше қаласын жаудан азат ету жолында ерен ерлік көрсетіп, «І дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен наградталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<