Қызылордада отбасын қолдау мекемесінің ауласына жылан кіріп кеткен

450

0

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Қызылордалық құтқарушылар жылан ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін «Бақытты отбасы» отбасын қолдау мекемесінің ауласында жылан бар екені туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар ұзындығы бір метрге жуық жыланды ұстап алды», – делінген хабарламада.

Құтқарушылар жыланды қауіпсіз жерге жіберген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<