Алматыда лифт алдына әйелді аяусыз ұрған ер адам ұсталды

403

0

Фото: Pixabay

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде ер адамның әйелді аяусыз ұрып жатқан бейнежазбасы тарады.

Бейнероликтен ер кісі мен әйел адамның арасында жанжал туып, нәтижесінде ер кісінің қол жұмсағанын және өзге екі адамның оқиғаға бей-жай қарап тұрғанын көруге болады.

«Бір ер адам әйелді ұрып жатыр. Екеуі қарап тұр. Бұған не деуге болады? Әйел ер кісімен ажырасқан», – делінген бейнежазбада.

Аталған жағдайға Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Ұрып-соғу фактісі бойынша іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Ол міндетті түрде жауапқа тартылады. Сонымен қатар жәбірленуші дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады», – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<