Қызылорда облысында ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр

237

0

Фото: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

Бүгін Қызылорда облысы Қармақшы ауданында кент және екі ауылда әкім сайлауы өтіп жатыр.

ҚР Сайлау туралы конституциялық Заңына сәйкес, Қармақшы ауданының Жосалы кенті, ІІІ Интернационал, Ақжар ауылдық округі әкімінің сайлауы өтіп жатыр.

Дауыс беру 7:00–де учаскелерде басталды. Алғашқы келген сайлаушыға учаскелік комиссия тарапынан сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, бірінші рет дауыс беру құқығына ие болған жас сайлаушылар да маңызды күннен қалыс қалмады.

Айта кетсек, Жосалы кентінде — 12540, ІІІ Интернационалда — 1255, Ақжарда — 958 сайлаушы дауыс беруге құқылы. Дауыс беру кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.

Сайлау процесін байқаушылар мен кандидаттардың сенім білдірген азаматтары бақылай алады. Бюллетень тізіміне енген 8 кандидаттың 2-і саяси партия, 6-ы өзін-өзі ұсыну тәртібімен түсіп отыр.

Биыл Қызылорда өңірінде 25 кент және ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады.

Жыл басынан бері 5 ауылдың әкімі сайланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<