Ақтауда жеткіншек 3-4 метр биіктіктегі жартас соқпағынан құлап кетті.
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 4 А шағын аудандағы теңіз жағалауында орналасқан қонақ үйдің қасында болған.
«Шақырту күндіз сағат 11-31 де түсті. 2012 жылы туған жасөспірім «Каспиан Ривера» қонақ үйінің артындағы жартастан құлаған. Біз полиция қызметкерлерімен бірге зардап шеккен жеткіншекті зембілмен көтеріп, жедел жәрдем көлігіне жеткіздік», – дейді құтқарушылар.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы тұрақты. Қазір травматология бөлімінде ем алып жатыр.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2024/05/zhartas1.webp)
«Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына тез жетіп, жеткіншекті Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Мидың компьютерлік томографиясын жасадық. Жасөспірімге мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы диагнозы қойылды. Науқас бақылауда», – дейді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<