Министр Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекпен кездесті

77

0

Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекті құттықтап, ата-анасына алғыс білдірді.

«Жаннұрдың ҰБТ-да жоғары көрсеткіш көрсетуі – бұл еңбекқорлықтың, шыдамдылық пен ынтаның нәтижесі. Бұл ретте ата-ананың қолдауы, қамқорлығы мен балаға деген сенімін де айта кету керек. Сондай-ақ мұғалімдердің де кәсібиліктері мен жұмыстарына деген адалдықтарының арқасы. Бұл қуанышты сәт өміріңіздегі жаңа жетістіктер мен жеңістердің бастамасы болсын» – деді Саясат Нұрбек

11 жыл үздік оқыған түлек – «Алтын белгі» иегері. Ол ҰБТ-ны «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша Алматы облысының Есік қаласында тапсырған. 

Осыған дейін Ауыл мектебінің түлегі ҰБТ-да барлық сұраққа дұрыс жауап бергені туралы жазған едік. 

Кейін максималды межеге қол жеткізген түлек Kazinform тілшісіне тестке қалай дайындалғаны туралы айтып берді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<