Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары ұйымдастырылуда

77

0

Фото: Жалағаш ауданы

Жалағаш ауданы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.

Құқық бұзушылықтың алдын алу шарасына аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов жауапты сала басшылары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, волонтерлер мен ата-аналар қатысты.

Түнгі рейд барысында халық көп шоғырланатын орындар мен ойын-сауық орталықтарында нысан иелері мен тұрғындарға заң талаптарын түсіндіру және алдын алу шаралары жалғасуда.

ЕСКЕРТПЕ:

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін болуы заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<