Қызылордада сотталғандар 1,5 млн теңгеден алды

135

0

фото: автордан

Қызылорда облысында сотталған екі адам 1,5 млн теңгеге жуық қаржы алды. Бұл – оларға кәсіп бастау үшін берілген мемлекеттік грант.

Екеуі де «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Бастау-Бизнес» жобасы аясында бір айлық курс оқыған. Нәтижесінде бизнес жобаларын сәтті қорғап, қайтарымсыз қаржыға қол жеткізді.

– Оқу барысында кәсіпкерлікті жүргізудің қыр-сырын үйрендім. Көлік жөндеу слесарі бойынша грант иегері атандым. Ол ақшаға кажетті құрал-жабдық сатып алып, көлік жөндеу орталығын ашуды көздеп отырмын. Осылайша отбасымды адал жолмен асырағым келеді, – дейді грант иегерлерінің бірі.

Қызылорда қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары, әділет майоры Гүлнұр Байсариеваның айтуынша, сотталғандар арасында жеке кәсіпке бет бұрғандар аз емес.

– Екі азамат курсты толық аяқтап, тест тапсырып, сертификат алды. Бизнес жоспарын жасап, комиссияға ұсынған. Комиссия екеуінің де жоспарын мақұлдады, – дейді ол.

Назерке САНИЯЗОВА

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<