Ғылым министрлігі еліміздегі рейтингі ең жоғары университеттерді атады

87

0

Фото: ҚазАқпарат/Александр Павский

Ғылым және жоғары білім министрлігі еліміздегі рейтингі ең жоғары университеттерді атады.

«2024 жылғы 5 маусымда QS Quacquarelli Symonds жоғары білім саласындағы халықаралық талдау агенттігі әлемнің үздік университеттері рейтингінің 2025 жылғы жаңа шығарылымын – QS World University Rankings-2025 шығарды. Қазақстан рейтингте 21 жоғары оқу орнымен ұсынылған. Оның бесеуі жақсарып, төртеуі өз позицияларын сақтап, 12-сі төмендеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақстандық жоғары оқу орындары арасында көшбасшы болып қала береді және 163-ші орынға ие болып, әлемнің үздік 200 жоғары оқу орнына оралды. Бұл өткен жылғы нәтижеден 67 позицияға жақсы. Сондай-ақ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ (355 орыннан 321 орынға) және Сәтбаев университетінің (481 орыннан 405 орынға) көрсеткіштері жақсарды», – деп атап өтті министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.

Ведмоство мәліметше, Абай атындағы ҚазҰПУ-да да жақсы көрсеткіш байқалады. Қалған жоғары оқу орындары былтырғы позицияларында қалды.

«Рейтингте Қазақстан беделді индикаторлар – академиялық бедел және жұмыс берушілер арасындағы бедел бойынша көрсеткіштердің айтарлықтай жақсаруымен атап өтілді. Орталық Азияның басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстан «Жұмыс берушілер арасындағы бедел» индикаторы бойынша ең жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Бұған Орталық Азия өңірінің әрбір еліндегі рейтингке қатысушы барлық жоғары оқу орындары үшін осы индикатор бойынша есептелген орташа мәндер дәлел бола алады. Рейтингке қатысушы 21 қазақстандық ЖОО-ның 19-ы «академиялық бедел» және «жұмыс берушілер арасындағы бедел» индикаторлары бойынша көрсеткіштерді жақсартты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті беделді индикаторлар бойынша ең жарқын нәтижелерді көрсетті. Олардың ішінде «жұмыс берушілер арасындағы бедел» бойынша ҚазҰУ-дың әлемдегі 77-ші орны ерекше көзге түседі», – деді министрліктен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<