Қала тазалығы: Түсіндірме жұмыстары жалғасуда

84

0

Фото: Қала әкімдігі

Шаһарымыздың санитарлық тазалық жағдайын, абаттандыру жұмыстарын тұрақты қадағалау бағытында қала әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топпен рейд жұмыстары жүргізілуде.

Аталған рейдтік жұмыстар қоғам белсендісі Сабиров Амантай мен қалалық мәслихат депутаты Бауыржан Төлегеновтың қатысуымен жалғасты. Рейд барысында тазалыққа немқұрайлы қараған кәсіп иелері мен тұрғындарға бірнеше ескерту жасалды.

Айта кету керек, тұрақты бақылау болған жерде талап орындалады. Рейд барысында жасалған ескертулердің нәтижесінде тұрғындар мен кәсіп иелерінің санитарлық тазалық жұмыстарына жауапкершілігі артып келеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<