«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 489 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

19

0

 

Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы №489 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5557 болып тіркелген)мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде  жұмыс істейтін мәдениет, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;

көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда  жазылсын:

«1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет, архив ісі жәнебасқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;

көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына  жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

         Қызылорда облысының

әкімі                                                                Н. Нәлібаев

Келісілді

Қызылорда облыстық маслихатымен

Қызылорда облысы әкімдігінің

2024 жылғы «___» ____________ №_____

қаулысына қосымша

Қызылорда облысы әкімдігінің

2016 жылғы « 15 »маусымдағы № 489

қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатынжәне ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

  1. Мәдениет  саласы бойынша:

1)мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директоры) және басшысының (директорының) орынбасары, (әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі басшысының (директорының)  орынбасарынан басқа),мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын  филиалының басшысы (директоры);

2)көркемдік жетекшісі, бас: қор сақтаушы, редактор, режиссер, балетмейстер, дирижер, хормейстер, суретші;

3)әдеби-драмалык бөлім, режиссерлык, музыкалық бөлім, көркемдік қойылым бөлімі, педагогикалық бөлім, өндірістік шеберхана, әдістемелік кабинет, қалпына келтіру шеберханасы, кітапхана, зертханамеңгерушісі (басшысы), сектор басшысы.

4)ғылыми кызметкерлер (бас, жетекші, аға, кіші);

5)біліктілігі жоғары, орташа деңгейлердегі мамандар (жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): аккомпаниатор, аккомпаниатор-концертмейстр, барлық атаудағы әртістері, музейлер қорын есепке алу архивисті, археограф (негізгі қызметтер), балетмейстер, библиограф, кітапханашы, дирижер, дыбыс режиссері, барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер), кинорежиссер, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалык жетекші, палеограф, режиссер, қоюшы-режиссер, хормейстер, қор сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), экскурсовод, археолог, режиссер ассистенті, арт-менеджер,тарихшы (негізгі қызметтер), өнертанушы, продюсер, редактор (негізгі қызметтер), хореограф.

2. Архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласы бойынша:

1)мемлекеттік мекеме басшысы (директоры) және басшының (директорының) орынбасары, мемлекеттік мекемефилиалының басшысы (директоры);

2) басқор сақтаушы, архив коймасының меңгерушісі;

3)біліктілігі жоғары, орташа деңгейлердегі мамандар (жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): архивист, археограф, палеограф, суретші-реставратор.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<