Сицилия аралында Этна жанартауы атқылай бастады

184

0

Фото: twitter.com/etnaboris

Еуропадағы ең белсенді жанартаулардың бірі Сицилиядағы Этна оянып, күлі теңіз деңгейінен 4500 метр биіктікке ұшты. Қып-қызыл лава ағындары тау бөктерінен 3300 метр биіктіктен ағып түсті, деп жазады Еuronews.

Қазіргі уақытта Этна белсенділігі орташа деңгейде. Алайда Италия билігі жағдайдың күрт өзгеруінен қауіптеніп, жерасты дүмпулері туралы ескертудің жасыл деңгейін сарыға дейін көтерді.

ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Этна тауының биіктігі 3357 метр. Жанартаудың 200-ден 400-ге дейін қосалқы жанартау кратерлері бар. Олар ай сайын бірнеше рет атқылайды.

Этнаның белсенділігіне Сицилия маңындағы Эоли аралдары архипелагындағы Тиррен теңізінде орналасқан Стромболи жанартауының атқылауы қосылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<