Таза Қазақстан: Кезекті тазалық жұмыстары жүргізілді

49

0

Фото: Арал ауданы

Аудан бойынша қала, кент және барлық ауылдық округтерде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасын тауып, Арал қаласы бойынша бірқатар мекеме қызметкерлері мен қоғамдық негіздегі жұмысшылар тарапынан сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.


Бұл – ел Президентінің бастамасымен жүзеге асып жатқан үлкен мемлекеттік маңызы бар науқан. Сондықтан да акция аясында атқарылып жатқан жұмыстар барша аудан тұрғындарына ортақ.

Аудан аумағында тазалық мәдениетін жоғары деңгейде қалыптастыруға атсалысып, өз үйінің ауласын таза ұстайтын тұрғындар да бар.

Ал түрлі мақсатта қызмет көрсететін кәсіпкерлік нысан иелері де жалпыға ортақ экологиялық акциядан қалыс қалып жатқан жоқ.


Сенбілікте қаланың батыс аймақтары, жаңадан салынып жатқан Жайлы мектептің айналасы, орыс қорымның маңы қоқыстардан тазартылып, мекемелер тарапынан жүргізілген сенбілік жұмысытарының нәтижесінде күл-қоқыстар белгіленген орындарға шығарылды.

Бұл жұмыстар әр аймаққа бөлінген сектор жетекшілері тарапынан қатаң бақылауға алынған.


Аудан тазалығы баршамызға ортақ!

Сондықтан барша тұрғындарды таза аудан үшін сенбілік жұмыстарына атсалысуға, тұрғын үйлердің, аулалардың және көшелердің аумағындағы тазалық шараларына өз үлестерін қосуға шақырамыз!

Арал ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<