Ыстықкөлде 250 бас қойға найзағай түскен

72

0

Фото: Кабар

7 шілдеде Ыстықкөл облысының Тоң ауданында бір отар қойға найзағай түсті

Кабар ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жай отынан 250 бас қой қырылған. 

Төтенше жағдай орнында Азаматтық қорғаныс пен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері деректерді нақтылап жатыр. 

Еске сала кетсек, бұған дейін БҚО-да Шалқар көлінің жағасында әйел адамға найзағай түскенін жазған болатынбыз. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<