Полицейлер Ұлттық домбыра күніне ерекше тарту жасады

67

0

Сурет: polisia.kz

Домбыра күнінде Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері ұлттық аспапты ұлықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мереке қарсаңында облыстық полиция департаментінің шеру алаңында 20 жуық қызметтік автокөлік ұлттық аспап түрінде орналасты.

Суретті толықтырған музыканттар әйгілі композитор Құрманғазының күйін орындады. 

«Қасиетті домбыра әрқашан ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды. Бұл ғасырлар тарихын бейнелейтін бойтұмарымыз. Оның үні жаңа жетістіктерге дем беріп, Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуіне үлес қоса берсін», – деді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Ерлан Омарбеков. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<