Ұлытауда «Қызылорда-Жезқазған» жолының құрылысы әлі басталмаған

477

0

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Үкіметте елдегі автожол саласын дамыту мәселелері қаралуда. Көлік министрі Марат Қарабаев «Қызылорда-Жезқазған» автожолының құрылысы бойынша сұрақтарға жауап берді.

«Проблемалы ждолдардың бірі – Қызылорда-Жезқазған. Президент те бірнеше рет қадап айтты. Алайда Ұлытау облысында құрылыс жұмыстары әлі басталған жоқ. Қандай шара қабылдап отырсыздар?», – деп сұрады Премьер-Министр Олжас Бектенов.

Өз жауабында сала министрі былтыр Қызылорда аумағында бұл жұмыс басталғанын айтуда. 192 шақырымның 140 шақырымында биыл қозғалыс ашылады.

«Ал Ұлытау облысында 208 шақырымда жобалық құжаттама ескі болды. Сондықтан жобалық құжаттаманы басынан мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, оған Азиялық даму банкінің қаржысы тартылды және конкурс рәсімдері аяқталды. Қазір жеңімпаз анықталған. Шілде айының соңына дейін барша жеңімпаздармен тиісті келісімшартты бекітеміз. Тамыз айында мобилизация жұмыстары басталады. Яғн,и құрылыс жұмыстары қыркүйек айында басталады», – деп жауап берді Көлік министрі.

Айта кетейік, 2021 жылы «Қызылорда-Жезқазған» автожолын жаңғырту жөнінде айтылған еді.

Былтыр жобаның 40 млрд теңгеге қымбаттағаны хабарланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<