Дүние дүрмек

303

0

Ғалымның кітабы табылды

Өзбекстанның Наманган облысында ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл Фарабидің кітабы табылды.

Кітаптан бөлек XI–XIV ғасырға тән көне қылыштар да бар. «Сирек кездесетін үш кітапта ғылым, философия және тарихқа қатысты бірегей білім жазылған» делінген хабарламада.

Ахсикент археологиялық саябағының құрамындағы Жаңа Ахси кешеніндегі баға жетпес жәдігерлер саны онға көбейіп, коллекция 475-600 жылдарға тән Бактрия монетасымен, XIX ғасырда мөрленген Қытай монетасымен толыққан.

 «Мамандар XI ғасырға тиесілі деп бағалаған қылышты Аксикенттің ұсталары қатты болаттан жасаған. Әлемдік болат орталығы – Аксикент жұмсақ және қатты болатпен танымал. Оның қалай жасалатыны әлі күнге дейін жұмбақ.

Екінші қару XIV ғасырға жатады және оны Әмір Темірдің арнайы сарбаздары қолданған» дейді ведомстводан.

Көлік сатылымы төмендеген

Қытайда америкалық Tesla электромобиль сатылымы өткен айда 20% төмендеді.

Маусым айында бар-жоғы 60 мың көлік сатылған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14 мың электромобильге аз.

Мамандар мұны қытай нарығында бәсекелес компаниялардың көбейіп, сұраныстың төмендеуімен байланыстырады. Tesla көліктеріне әлем бойынша да сұраныс төмендеген. Былтырға қарағанда сатылым 10% қысқарған.

Зауыт жылдың екінші жартысында электромобильдің жаңа моделін сатылымға шығармақ.

Екі тапанша аукционда сатылды

Францияда аукционға түскен Наполеон Бонапарттың екі тапаншасы екі миллион еуроға сатылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, француз императорына тиесілі коллекцияның сатылым бағасы рекордтық көрсеткішке ие болды. Бастапқыда қару миллион еуроға бағаланған.

1814 жылы Наполеон тақтан бас тартқанға дейін қару оған тиесілі деп есептелді. Жергілікті билік сатылымнан бір күн бұрын екі тапаншаны Францияның ұлттық қазынасы деп танып, елден шығаруға тыйым салған.

Ақпарат көздерінен

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<