Балабақшада төрт жасар бүлдіршін кәріз құдығына түсіп көз жұмды

381

0

Сурет: pixabay.com

Атырауда жеке меншік балабақшалардың бірінде төрт жастағы бүлдіршін кәріз құдығына түсіп қайтыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс тіркелді. «Қаладағы жеке меншік балабақшалардың бірінде төрт жастағы сәбидің кәріз құдығына түсіп қайтыс болуына қатысты қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда кешенді тергеу амалдары басталып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды», – делінген хабарламада. Полиция департаментінің өкілдері өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайтынын айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<