Жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

2134

0

Фото: Ашық дереккөз

Шилібастау станциясында №4 «Астана – Алматы-2» жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды qandastar.kz.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының мәліметінше, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Отар-Алматы учаскесінде туындаған техникалық себептерге байланысты №4 «Астана-Алматы-2» пойызының қозғалысы тоқтатылды.

Осы жағдайға байланысты, №4 «Астана-Алматы-2» пойызының жолаушылары басқа пойызға көшірілген.

«Жолаушыларды стандартты вагондардан құралған №504/503 «Алматы-2-Отар-Алматы-2» бір реттік пойызы тасымалдайды. Осы пойыздың жолаушыларына багажды және жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес айырма төленеді», – делінген хабарламада.

Компания уақытша қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша ақпаратты «1433» нөмірі арқылы алуға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<