Мемлекеттік сатып алу саласындағы құқық бұзушылықтар анықталды

387

0

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен жергілікті атқарушы органдар тарапынан «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзушылықтар тіркелді.

Мемлекеттік сатып алу порталында жүргізілген мониторинг нәтижесінде goszakup.gov.kz Сырдария ауданының №2 «Балдәурен» балабақшасы мен №14 «Алтын сақа-Шаған» балабақшасын қоса алғанда, муниципалды Мемлекеттік мекемелердің әрекеттерінде заң бұзушылықтар анықталды. Аталған мекемелер монополияға қарсы органнан алдын ала қорытынды алмай, бір көзден тауарлар мен қызметтерді сатып алуға тендерлер өткізді, бұл аталған Заңның 39-бабы 3-тармағының 27-тармақшасын бұзу болып табылады.

Бұзушылықтарды одан әрі қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін Департамент Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне ресми хат жолдады.

Жоғарыда аталған мекемелердің жауапты тұлғалары жол берілген бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 207-бабының 11-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<