ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлек шетелде оқымақшы

556

0

Фото: instagram.com/erasyl.ualievv

Грант бойынша эксперт Омарбек Көшкімбайұлы ҰБТ-дан 1 балл алған түлекке іздеу салды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«ҰБТ-дан 1 балл алған Ерасылды іздеп жатырмын. Ерасыл, айналайын, мен саған грантқа алып барар төрт таңдау жасап бермеймін, бірақ өмірде қажет маңызды төрт таңдау ұсынамын. Егер жақында болсаң, кел, бірге кофе, шай ішейік. Егер алыста болсаң, онлайн сөйлесейік. Мен сені күтемін, Ерасыл», – деді ол Instagram-дағы сторисінде.

Кейінірек эксперт Ерасылмен кездесіп, оған өмірде қажет ақыл-кеңестерін айтқан.

Ал ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлек шетелде оқитын ниеті бар екенін айтты.

«Ерасыл шетелге барайын деп жатыр. Ерасыл, айналайын, саған сәттілік тілеймін. Қайда жүрсең де, аман бол. Ең бастысы, біздің осы қазақтың тәрбиесін, құндылығын ұмытпа. Бұйырса, төрт-бес жылдан кейін жақсы маман болып, еліңе қайтып келуіңе тілектеспін», – деді Омарбек Көшкімбайұлы.

Еске салайық, бұған дейін Ерасыл Уәлиев Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 1 балл жинағанын хабарлаған едік.

Кейінірек Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлері Ерасыл Уәлиевтің екі рет – 12 және 30 маусымда Алматыда тестілеуден өткенін мәлімдеді.

«12 маусымда бұл тест тапсырушы 93 балл жинады, 30 маусымда ол 1 балл жинады, бірақ ол тестілеуден бар болғаны 4 минут өткенін атап өткен жөн», – деп түсіндірді тестілеу орталығы қызметкерлері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<