Су шаруашылығы мен ветеринария саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

572

0

Фото: Қазалы ауданы

Жыл сайын елімізде 9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлі күні мерекесі ретінде аталып өтіледі. Сонымен қатар биылдан бастап 10 шілде – Ветеринария саласы қызметкерлерінің күні болып бекітілді.

Бүгін Қазалыда қос бірдей мерекеге орай сала мамандары құрметке бөленіп, марапат төрінен көрінді.

Әйтеке би кенттік мәдениет үйінде өткен мерекелік шарада аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет сала мамандарын мерекелерімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

– Өздеріңізге белгілі, бұл екі салада ауыл шаруашылығында ғана емес, әлеуметтік-экономикалық, медициналық тұрғыдан да маңыздылығы жоғары. Тыныс-тіршілігіміз үшін маңызды зор салаларды нығайтуда Сіздер білікті де білімді, іскер де қабілетті маман ретінде өзгелерге үлгі-өнеге болып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін, – деді аудан басшысы.

Мұнан соң мерекеге орай бірқатар азаматтар марапат төрінен көрінді. Атап айтар болсақ, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің, ҚР Су ресурстары және Ирригация министрлігінің құрмет грамотасы, облыс әкімі орынбасарының және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Салтанатты шарада аудан өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, жиылғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<