Аурухана жұмысымен танысты

691

0

Фото: Көпбейінді облыстық аурухана

Кеше Көпбейінді облыстық ауруханаға VIII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Танашева Гаухар Шәймерденқызы жұмыс бабымен келді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мирзанова Мая Миранбайқызымен бірге аурухана директоры Жасұлан Баймаханов Болатбекұлы аурухананың тыныс тіршілігімен таныстырды. Ұжыммен кездесіп, МРТ және Акушерлік бөлімнің жұмысымен танысты.

Эктрагениталды аурулары бар жүкті және босанушы әйелдерді жүргізу және босандыру мақсатында ІІІ деңгейлі көмек көрсететін бөлім 2024жылдың 1 наурызынан бастап жұмыс жасап келе жатыр. 70 орындық 3 бөлімшеден құралған. Құрамында 4 босану бөлмесі бар, босану алды бөлмесі бар, нәрестені тұрақтандыру бөлмесі бар 30 төсектік акушерлік бөлім. 20 орындық жүктілер патологиясы бөлімінен, құрамында 6 қарқынды төсектік орны бар 20 төсектік неонаталды блок бар.
4 ай жұмыс барысында 671 әйел босандырылды, оның 13 егіз ұрық, 90 мерзімінен бұрын босану болған. Бөлімде эктрагениталды аурулары бар жүкті әйелдер субкомпенсация және декомпенсация сатысында бақыланып, босандырылып және Жаңақорған, Шиелі аудандары курацияға алынған. Осы аудандардан жатырдағы 2 және одан да көп тыртықтары бар жүкті әйелдерге жоспарлы түрде кесар тілік отасы жүргізіледі. Соған байланысты кесар тілік отасымен босанған әйелдер үлесі 44,4%.
Облыс бойынша бала жолдасы жолда орналасып жатыр қуысына бекіп еніп өскен жағдайдағы жүкті әйелдерге жүктілер патологиясы бөлімінде бақыланып, жоспарлы кесар тілік отасына алынады. Облыс бойынша алғаш рет ота барысында қан кету мөлшерін азайту және мүше сақтау мақсатында турникеттерді пайдаланып метропластика оталары жасалды, яғни 2,5-3,0л қан жоғалтқан әйелдердің жатыры сақталынды.

Гаухар Шәймерденқызы ана мен бала өлімін болдырмау мақсатында жасалып жатқан акушерлік бөлім қызметін жоғары бағалап, медицина мамандарына сәттілік тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<