Жетісу облысында 4 жасар бала құтқарылды

538

0

Фото: Baq.kz

Бүгін Сарқан ауданында Балқаш көлінде ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туған бала демалыс аумағынан өз бетінше шығып, адасып кетті.

«Іздестіру операциясы барысында бала демалыс орнынан 6 шақырым қашықтықта, көлдің жағалауында табылды. Құтқарушылар баланы анасына тапсырды.

Ол медициналық көмекке мұқтаж емес», — деп жазды ТЖД баспасөз қызметінен.

ТЖМ суда қауіпсіздік ережелерін еске салады:

  • суға түсуге тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
  • тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;
  • қалқымалардан аса жүзуге болмайды;
  • мас күйінде суға түспеңіз;
  • су көліктеріне жақын жүзбеңіз;
  • тәуліктің қараңғы мезгілінде шомылманыз;
  • балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<