Қарағанды облысында автобус пен көлік соқтығысып, 5 адам қаза тапты

296

0

Фото: видеодан алынған кадр

«Алматы-Екатеринбург» тасжолында ірі жол апаты болды. 

14 шілде күндізгі сағат 12.00 шамасында Ақшатау кентінен 30 шақырым жерде «Алматы-Екатеринбург» тасжолында Қарағанды қаласына бара жатқан автобус пен «Тойота Естима» көлігі соқтығысқан. 

Салдарынан «Тойота Естима» автокөлігінің 4 жолаушысы және автобустың бір жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.

11 адам әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерден жол жүру ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<