Қызылорда облысында Нартай Бекежановтың сырнайы табылды

260

0

Фото ашық көздерден

Қызылорда облысында белгілі өнер майталманы Нартай Бекежановтың сырнайы табылды. Нартай Бекежанов 1890 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген.

1954 жылы Алматы қаласында өмірден өткен.

Ақын халық әндерін шебер орындаумен қатар өзі де әндер («Толқын», «Нартай сазы», «Өсиет терме») шығарды.

Жергілікті өңірде өнер мен мәдениетті дамыту жолында ауқымды еңбек атқарды.

Құнды жәдігер Шиелі ауданы «Төңкеріс» ауылының тұрғыны Бегайым Сейітжанованың сандығында сақталған.

Ауыл тұрғыны Ілесбек қарияның айтуынша, анасы Бегайым әнге бейім, сөзге шешен болған.

1943 жылы 6-7 сынып оқып жүрген кезінде Алматыдан Роза Бағланова келіп, концерт қояды. Сол кеште мектеп оқушылары да ән айтыпты.

Жас таланттың дара дауысын ерекше бағалаған әнші оған өзімен бірге алып кетуге ұсыныс жасайды. Бірақ, қарт әкесі жалғыз қызын жібермепті.

«Анамыз Нартай Бекежановтың қарындасы болып келеді. Бала күнімізде үйде бір аспап тұратын. Оны ақ матамен орап, сандығына салып қоятын. Содан неше жылдай сақтаулы жатты. Нартай бұл сырнайымен 1936 жылы Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде ән айтқан. Бұған 1990 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Аманат» кітабындағы сурет дәлел», – дейді Ілесбек ағамыз.

Қазір құнды жәдігер Нартай ән мектебінің жарқын өкілі Дәулетхан Ізбасқанға табысталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<