Танымал актер Жахан Отарғалиев халықтан 44,5 миллион теңге жинап, үй алды

355

0

Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev

Танымал актер Жахан Отарғалиев блогерлермен бірігіп үш күннің ішінде халықтан 44,5 миллион теңге жинап, үй алды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Жахан Отарғалиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, сүйінші сұрап, халыққа алғысын айтты. 

«Мына керемет эмоцияның демеушісі – сіздер. Біз 44 500 000 теңгені 3 күнде жинадық, сенесіз бе? Бұрын-соңды мұндайды көріп пе едіңіз?», – деген актер жиналған қаражатқа мұқтаж отбасыға үй әперетінін айтқан. 

Айта кетейік, актер Жахан Отарғалиев соңғы кезде мұқтаж адамдарға баспана сыйлау бойынша қайырымдылық шараларын ұйымдастырып жүр. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<