Кадрлық өзгерістерге қатысты мәжіліс өтті

69

0

Фото: Қазалы ауданы

Кеше аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты мәжіліс өтті.

Жиында аудан басшысы алдымен 14 шілде күні өткен Әйтеке би кенті әкімінің сайлауында халықтың басым дауысымен жеңіске жеткен кандидат Әбиев Әліби Берікұлын мәжіліске қатысушыларға таныстырды. Сондай-ақ жаңадан сайланған кент әкіміне аудан орталығының көркейіп, гүлденуіне және әлеуметтік-экономикалық дамуына аянбай жұмыс жасауды тапсырды.

Мұнан соң ауданы әкімдігі жанындағы конкурстық комиссиясының қорытындысы негізінде Қазалы ауданының қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметіне Алиев Жәнібек Алмасұлы және ауысу тәртібі арқылы Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы қызметіне Дидаров Абай Әнесұлы тағайындалғанын айтты.

Аудан басшысы жаңа қызметке тағайындалған Әйтеке би кенті әкімі мен бөлім басшыларына елге қызмет ету – абыройлы міндет екенін айтып, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<