Ішіп алып көлік тізгіндеген әкім жұмыстан қуылды

98

0

Фото: Pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдық округтердің бірінің экс-әкімі Сәкен Сәдуақасов 27 қаңтар күні мас күйде рөлде отырған жерінен ұсталған, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оны 15 тәулікке қамау туралы үкім шыққан. Алайда шенеунік уақытша еңбекке жарамсыз екенін айтып, демалысқа шығып кеткен. Ол күйзелістің салдарынан омыртқасындағы сырқаты асқынып кеткенін айтқан.

Сондықтан ақпан айында басталған тәртіптік іс бес айдан кейін қаралды. Экс-әкім өзіне тағылған айыппен келісіп, кінәсін мойындады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<