«Дер кезінде жүгінбеген». Тағы бір адам кене шағып қайтыс болды

129

0

Фото: depositphotos.com

Қызылорда облысында Конго-Қырым қанды безгегінен бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының мәліметінше, кенеден кесел жұқтырған Шиелі ауданының егде жастағы тұрғыны екен.

– Кене шаққан немесе кене шаққанына күмәнданған жағдайда адамдар көбіне өз бетінше үйде емделем деп уақыт жоғалтып алады. Ол кісі де сөйткен. Дер кезінде дәрігерге жүгінсе, бұлай болмауы мүмкін еді, – деді басқарма басшысы Марат Құрманбаев.

Жыл басынан бері облыста Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 14 адам ауруханаға жатқызылды. Оның 7-інде диагноз расталды.

– Арасында балалар да, ересек адамдар да бар. Олар емделіп, қалыпты жағдайға келді, – деді басқарма басшысы.

Облыста індет тасымалдайтын кенелердің ошағы көбейген. Өткен жылы мұндай елді мекендер саны 106 болса, биыл 115-ке жетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<