Қызылордада іздеуде жүрген 36 қылмыскер ұсталды

139

0

Сурет: polisia.kz

Қызылордада полицейлер аса ірі көлемде алаяқтық жасап, тергеуден бой тасалап жүрген облыс тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігімен (Алаяқтық) күдікті қатарында танылып, тергеуден бой тасалап, Атырау қаласында іздеуде жүрген Қызылорда қаласының тұрғынын қолға түсірді. Анықталғандай, бұл азамат алаяқтық жолымен ірі компаниядан 33 миллион теңгеге жуық ақшаны заңсыз иемденген.

Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Жедел уәкілдер іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде 37 жастағы күдіктіні облыс орталығында ұстады.

Қылмыскерлерді іздеу тек ел аумағымен шектелмейді. Іздестіру жұмыстары басқа мемлекеттерде де жүзеге асырылады. Жыл басынан бері қызылордалық полицейлер іздеуде жүрген 36 қылмыскерді құрықтап, хабар-ошарсыз кеткен 24 азаматты іздеп тапты. Іздеу шараларына еріктілер де белсенді қатысады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<