Дамудың басты кілті – бұл ғылым

76

0

Фото: Ауылшаруашылығы басқармасы

Бүгін ҚР Парламенті сенатының депутаты Рүстемов Руслан Рүстемұлы Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына арнайы келіп, ғалымдармен кездесіп, атқарып жатқан жұмыстар танысып, ортақ мәселелерді талқылады.

Мәжіліске Инспекция басшысы Оразбаев Мұхтар Әуесұлы, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Жансұлтанұлы Қайрат қатысты.

Жиын барысында институттың материалдық-техникалық базасын нығайту және заманауи лабораториялық жабдықтармен қамтамасыз ету, гидротехникалық мамандықтардың гранттары, кәсіби мамандарды даярлау, нысаналы-бағдармалық қаржыландырудың әкімшілік кедергілерін азайту, суды үнемді пайдалу технологияларын субсидиялауды жолға қою мәселелері талқыланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<