Сауда орындарынан қазақша түбіртек талап етіңіз

92

0

Фото: Тілдерді оқыту орталығы

Қазақстанда барлық сауда орны, банк, әуежай, қоғамдық орын, дәмхана мен мейрамхана, дәріхана, кинотеатр және өзге орындарда бақылау касса машинасы арқылы берілетін түбіртек қазақ тілінде басылуы керек. Алайда бұл заңдылық бүгінде талапқа сай орындалмай келеді.

Заң талаптарының орындалуы барысын қадағалау мақсатында Қызылорда облысы тілдерді оқыту орталығының Қармақшы ауданы бойынша мемлекеттік тіл оқытушысы Г.Дүзенова, Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» Қармақшы аудандық филиалының төрайымы К.Раева, Қармақшы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Г.Қожамұратова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тіл маманы Б.Қайырбаев пен аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің маманы А.Шанахаев кент орталығындағы бірнеше сауда нысандарын аралады.

Іс-шара аясында тұтынушыға алған тауарының бағасы жазылған түбіртектің қазақ тілінде болуын қадағалап, түсіндірме жүргізді.

– Қазақ тілінде чекті қалай шығарып беруге болады

Біріншіден, өзіңіздің онлайн-кассаңызды ашасыз.

Екіншіден, электронды цифрлық қолтаңбаңыз арқылы тіркелесіз.

Үшіншіден, онлайн-кассаның оң жақ жоғарғы бөлігінде интерфейстің тілін таңдау қажет. Яғни, тіл ауыстыру батырмасын қазақшаға басқаннан кейін интерфейс мемлекеттік тілге ауысады. Тиісінше, чектер де қазақ тілінде басып шығарылабастайды, – деп түсіндірді мемлекеттік кірістер басқармасының маманы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<