Қызылордада адвокат пен оның жұбайы алаяқтық жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды

89

0

Сурет: Zakon.kz

Қызылорданың № 2 қалалық сотында қызметтік мансабын асыра пайдаланып, алаяқтыққа барған адвокат пен оның жұбайының ісі сотта қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта анықталғандай, сотталушы А. адвокаттық қызмет көрсетіп жүріп, әйелі сотталушы Г.-нің танысы азаматша М.-ны қылмыстық іс бойынша жауаптылықтан босатып беремін деген негізбен, оны алдап, сенімін теріс пайдаланып, оған қатысты тексеруді тоқтатып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастамау мәселесін Департаменттің лауазымды тұлғаларымен шешіп беремін деп, 8 000 000 теңге айтарлықтай мөлшерде пара беру керектігін айтып сендірген.

Алаяқтық пиғылдарынан бейхабар болған жәбірленуші М. олардың алдауына көніп, тексеруді тоқтату үшін 8000 000 теңге пара беруге келісімін беріп, 5 000 000 теңгені қолма-қол берген.

Осыдан кейін, сотталушылар А. мен Г. аталған 5000 000 теңгені алдап алғанымен қоймай, қылмыстық іс-әрекеттерін соңына дейін жеткізу мақсатында қалған 3000 000 теңге ақша қаражатын алу үшін қайта-қайта хабарласып Департаменттің лауазымды тұлғалары параның қалған бөлігін сұрап жатқандығын жалған айтып, қалған 3 000 000 теңгені қолма-қол алып, соңғыға қатысты тексеруді тоқтатылатынын айтып, алған ақша қаражаттарды Департаменттің лауазымды тұлғаларына бергендігін айтып сендірген.

«Нәтежесінде жәбірленуші М.-ға 8000 000 теңге ақша қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп алып, ірі мүліктік залал келтірген. Басты сот талқылауында жәбірленуші М. өзіне келтірілген мүліктік шығын қайтарылғанын, сотталушыларға кешірім беретінін, талап арызынан бас тартуына байланысты қараусыз қалдыруды сұрайтынын, сотталушыларға жаза мәселесі жөнінде соттың құзырына қалдыратын айтып көрсеткен», – делінген ақпаратта.

Оларға ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен, ҚК-нің 28-бабы 4-бөлігі арқылы 367-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен айып тағылды.

«Сотталушылар ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1)-тармағымен, ҚК-нің 28-бабы 4-бөлігі арқылы 367-бабы 3-бөлігі 1)-тармағымен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабы 3-бөлігінің талабына сай онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы, әрқайсысына түпкілікті мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына айыра отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаларын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуге белгіленді», – делінген Қызылорда қаласының №2 соты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<