АПТА АҒЫМЫ

109

0

Фото: ашық дереккөз

САЯСИ КЕҢЕСІ БЮРОСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросы отырысы өтті.
Жиынды партияның облыстық филиалының төрағасы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы жүргізіп, партия филиалымен атқарылған жұмыстардың орындалуы бойынша біршама нәтижелі істерді атап айтты.
Сондай-ақ күн тәртібіне сәйкес партияның облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы шақырылды.

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАҢА ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс XXXІV конференциясы өтті. Алқалы жиынның басында партияның облыстық филиалының төрағасы сайланып, Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізілді. Ашық дауыс беру арқылы облыстық филиалдың жаңа төрағасы лауазымына Алмасбек Есмаханов сайланды.

Іс-шараға «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов арнайы қатысты.

ПАРТИЯНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ ДӘУЛЕТ КӘРІБЕК ҚАН ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек қаланың сол жағалауында партияның сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан Қан орталығында болып, нысанның жұмыс барысымен танысты. Орталықтың іргетасы өткен жылдың тамыз айында қаланған болатын. Мұнда жылына 5000-нан 10000-ға дейін адамға қызмет көрсетіледі.

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ОҚУ СЕМИНАРЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

«Қарызсыз қоғам» жобасы аясындағы апталық оқу семинары өз мәресіне жетті. Оқу сабақтарына бұл аптада Қызылорда, Байқоңыр қаласы мен Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандарының тұрғындары қатысып, қаржылық сауатын арттырды. Олар 5 күн бойы қаражатты ұтымды, тиімді, оңтайлы басқару жайын, алаяқтық әрекеттерді анықтаудың әдіс-тәсілдерін меңгерді.
Бүгін барлық түлектерге «Қарызсыз қоғам» жобасының арнайы сертификаттары табысталды.

САЙЛАУШЫЛАР «AMANAT» ПАРТИЯСЫНАН ҰСЫНЫЛҒАН ҮМІТКЕРЛЕРДІ ТАҢДАДЫ

Жексенбі күні Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңының талаптарына сәйкес Қазалы ауданының Әйтеке би кенті мен Жаңақорған ауданына қарасты Сунақтана ауылдық округінде әкімдер сайлауы өтті. Бұл сайлауға «AMANAT» партиясы да өз үміткерлерін ұсынған болатын. Сайлаушылар өздері қалаған кандидаттарға дауыс берді.
Нәтижесінде «AMANAT» партиясынан ұсынылған үміткерлер жеңіске жетіп, Әйтеке би кентінің әкімі болып Әбиев Әліби Берікұлы, Сунақата ауылдық округі әкімінің лауазымына Жұмаділлаев Ақылмұрат Исмайлұлы сайланды.

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Жұмыс аптасында облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Нұрымбетов Жорабек Ибрагимұлы, ҚР ҚМ МКК Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Елшібеков Еркін Кеңесбекұлы жеке қабылдау, мұнан бөлек «ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» партиялық жобасы аясында Адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат Қалтайқызы Ақтолқын тақырыптық қабылдау өткізіп, азаматтардың өтінішін тыңдады Қабылдауларға 15 азамат өтінішпен келіп, 7 өтініш оң шешімін тапты. 5 мәселе бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 3-і орындалу үстінде.

АУМАҚТЫҚ ФИЛИАЛДАР ТЫНЫСЫ

Партияның Арал аудандық филиалы мен «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен азаматтардың барлық санаттарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке аясында, 9 мекемеден 22 бос жұмыс орындары ұсынылды. Нәтижесінде 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылып және пробация есебіндегі 1 адам жастар тәжірибесімен жолданды.
«Таза бейсенбі» акциясы аясында партияның Қызылорда қалалық филиалы мен партия белсенділері, бастауыш ұйымдар және «Жастар рухы» жастар қанаты Б. Шөкенов атындағы саябақта тазалық жұмыстарын жүргізді.
Партияның Жалағаш аудандық филиалының төрағасы Елеусінов Өмірзақ Тұрымбетұлы, партия филиалының Атқарушы хатшысы Мұстафаева Қаншагүл Шоңмұрынқызы, филиал жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен Бұқарбай батыр ауылындағы №33 орта мектепке жүргізіліп жатырған күрделі жөңдеу жұмысының жай-күйімен танысып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Қазалы ауданында «Ауыл Аманаты» жобасы аясында Ашық есік күні өткізіліп, халықтың табысын арттыруды көздейтін жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жоба бойынша тұрғындарға ақпараттар берілді.
«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Бақытты отбасы – берік мемлекеттің негізі» тақырыбында Байқоңыр филиалының «Жастар» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен партия мүшелерінің арасында тренинг өткізілді.
«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Жаңақорған аудандық филиалына қарасты «Жаңақорған санаториясы» бастауыш партия ұйымының мүшелері аудандық емхана медицина қызметкерлері, қарт кісілердің үйін аралап медициналық көмек көрсетіп, денсаулықтарын тексерді.
«Жастар Рухы» ЖҚ облыстық филиалы, облыстық ТЖ департаментімен бірлесіп «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында әлеуметтік бейнеролик көрсетті.
«Aray City Mall» ойын сауық орталығының «KINOPLEXХ» кино көрсетілім залында су мен өрт қауіпсіздігі жайында арнайы әлеуметтік бейнеролик көрсетіліп, киномендерге арнайы үнпарақтар таратылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<