2024 жылдың тамыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады

88

0

Сурет: Zakon.kz

Тамыз айында Қазақстан мемлекеттік мереке – Конституция күнін атап өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл мереке 30 тамызда тойланады.

2024 жылы Конституция күні жұмаға сәйкес келеді, бұл демалыс күні болады.

Осылайша, тамыз айының соңында қазақстандықтар былай демалады:

  • бес күндік жұмыс аптасы үшін – 2024 жылғы 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек;
  • алты күндік жұмыс аптасында – 30 тамыз демалыс күні, 31 тамыз жұмыс күні, 2024 жылдың 1 қыркүйегі демалыс күні болып табылады.

Сондай-ақ, қазақстандықтар сенбі мен жексенбі күндерін қоса алғанда бес күндік жұмыс аптасында тағы сегіз күн, алты күндік жұмыс аптасында төрт күн демалады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<