FlyArystan-ға хабарласу әзірге мүмкін емес: Компания техникалық ақау туғанын хабарлады

85

0

Фото: FlyArystan баспасөз қызметі

FlyArystan әуе компаниясы техникалық ақауға байланысты жолаушыларға ескерту жасады.

«Құрметті жолаушылар, техникалық ақауға байланысты біздің байланыс орталығымыз уақытша шектеулермен жұмыс істейді. Қоңырау қабылданады, бірақ желі шамадан тыс жүктелгендіктен күту уақыты ұзаруы мүмкін. Қазіргі уақытта Live chat және WhatsApp жұмыс істемей тұр. Шұғыл сұрақтар туындаған жағдайда бізбен Instagram және Facebook парақшаларымыз арқылы байланыса аласыз» деп хабарлады әуе компаниясынан.

FlyArystan қызмет қалпына келген жағдайда жолаушыларға міндетті түрде хабарланатынын еске салды.

«Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз» дейді мекемеден.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<