Қызылордада азаматтарды 13 млн теңгеге алдаған алаяқ сотталды

101

0

Сурет: Zakon.kz

Қызылорда тұрғыны облыстың алты тұрғынының сеніміне кіріп, ақшасын заңсыз иемденген.

Кейбір жәбірленушілерді «жұмысқа орналастырып беремін» деп алдаса, кейбірінің жеке деректерін пайдалана отырып, 4 млн теңгеден астам сомаға несие рәсімдеген.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын шамамен – 13 млн теңге.

Тергеу барысында күдікті азаматша жасаған алаяқтық іс-әрекеттері толығымен өз дәлелін тауып, оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен (Алаяқтық) сараланып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.

№ 2 Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде сотталушыға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<