Қызылорда облысы бойынша студенттік омбудсмен тағайындалды

107

0

Фото: Ашық дереккөз

Қызылорда облысы бойынша студенттік омбудсмен лауазымына Назерке Бекматова тағайындалды.

Назерке Жасұланқызы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 3 курс студенті, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары. Сондай-ақ, жастар арасындағы бағдарламалар мен жобалардың құрастырушысы, Республикалық волонтерлік бағыттағы шағын гранттардың иегері.

Омбудсмендер институты «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысы және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Студенттер Кеңесімен бірлесіп жатақханаларға мониторинг жүргізеді. Мониторинг барысында орындарды бөлу критерийлері мен тұру жағдайлары бағаланатын болады.

Сонымен қатар, жеке жатақханалардың оқу жылында студенттерді қабылдауға дайындығы және орын тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған университеттермен жасалған шарттар тексеріледі.

Омбудсмендер институты барлық өңірлердің белсенді жастарын арнайы мониторингтік топқа қосылуға шақырады. Омбудсмендерге жатақхана мәселесі, әр түрлі проблемалық мәселелерді шешу үшін аталған нөмірлерге қоңырау шалып (+7 700 215 4610), жеке хабарламалар (@bekmatova_erke) жаза аласыздар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<