Елдос Сметов финалда жеңіске жетіп, Олимпиада чемпионы атанды

19

0

Сурет: olympic.kz

Елдос Сметов финалда жеңіске жетіп, Олимпиада чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов (60 келі) Олимпиада чемпионы атанды.

Қазақ балуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті. Осылайша, Елдос Сметов олимп шыңын бағындырып, есімін қазақ спорты тарихына алтын әріппен қашап жазды.

Тараздық татами шебері осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасында финалға шыққанымен қарсыласына есе жіберіп, күміс медаль жеңген еді.

Ал Токиодағы ойындарда Торнике Чкадуаны жығып, үздік үштікті түйіндеген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<