Олимпиада: Қазақстан медальдар кестесінде екінші орынға көтерілді

14

0

Фото: Сали Сабиров

Франция астанасында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Елдос Сметовтің алтын жүлдесінен кейін Қазақстан жалпы медальдар кестесінде бірден екінші орынға көтерілді.

Дәл қазіргі уақытта жалпымедальдар кестесінде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 қола медальмен жалпы есепте екінші орында тұр.

Бірінші орында 2 алтын жеңіп алған Қытай құрамасы тұрса, екінші орындарды 1 алтын, 1 қола медаль жеңіп алған Қазақстан, Белгия және Жапония елдері өзара бөлісіп тұр. Одан бөлек алтын медаль жеңіп алған елдер қатарында Австралия да бар. Олардың еншісінде әзірге 1 алтын жүлде бар.

Әзірге 12 мемлекет жүлде алып үлгерген.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Елдос Сметов ел қоржынына алғашқы алтынды сыйлады.

Айта кетейік, Париж қаласында алауы тұтанған XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында жалпы 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Қазақстан спортшылары төрт жылдық додада спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<