Қызылорда облысында қос азаматтықпен жүрген шетелдік жауапкершілікке тартылды

11

0

Қызылорда облысында қос азаматтықпен жүрген шетелдік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шілде айында ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің көші-қон қызметінің қызметкерлері құжаттарды тексеру кезінде белгіленген мерзімде Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны туралы хабарламаған Байқоңыр қаласының тұрғыны, 18 жастағы азаматшаны анықтады. – Шетелдіктен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі алынды.

Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу тіркелді. Тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБК-нің 496-бабы 2-бөлігімен 200 АЕК (738 400 теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейді. “Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы” ҚР Заңының 21-бабына сәйкес басқа мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда, көші-қон қызметі бөлімшелерін алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде хабардар ету қажет.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<