Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев — Олимпиаданың қола жүлдегері

10

0

Фото: Турар Казангапов

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық татами шебері Ғұсман Қырғызбаев қола медаль үшін белдесуде сербиялық татами шеберінен айласын асырып, қола жүлдегер атанды.

Отандасымыз жартылай финалда 24 жастағы бразилиялық дзюдошы Виллиан Лимадан ұтылып қалды.

Естеріңізге сала кетсек, Қырғызбаев алғашқы айналымда испаниялық татами шебері Давид Гарсия Торнемен белдесіп, қарсыласын жарыс жолынан тайдырса, екінші белдесуінде Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулдан айласын асырып, ширек финалға шықты.

Ан Баул Рио Олимпиадасында күміс, Токиода қола медальға қол жеткізген.

Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев – 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 және 2022 жылдары өткен Азия біріншіліктерінің қола медаль иегері.

Кеше, 27 шілдеде Париж татамиіне қазақстандық екі дзюдошы шыққан еді. Әбиба Әбужақынова (48 кг) қола жүлдеге таласта Швеция өкілі Тара Бабулфаттан жеңіліп, алғашқы олимпиадасын 5-орынмен аяқтады.

Ал, Елдос Сметов (60 кг) финалда франциялық дзюдошы Лука Мхеидзені жеңіп, Олимпиада чемпионы атанған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<