Ермек Маржықпаев: Екі күнде үш медаль алу — өте жақсы көрсеткіш

12

0

Фото: Александр Павский/Kazinform

Бүгін Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Ғұсман Қырғызбаев елімізге үшінші жүлдені сыйлады.

Осы орайда, Туризм және спорт минстрі Ермек Маржықпаев Олимпиада ойындарындағы спортшыларымыздың аяқ алысына өз бағасын берді.

«Кеше Елдос, міне, бүгін Ғұсман бізді қуантып жатыр. Бұл біздің үшінші медаль. Екі күнде 1 алтын, 2 қолаға қол жеткізу өте жоғары жетістік деп есептеймін. Алда тағы да спортшыларымыз осындай қуанышты сәттерді жалғастыра береді деп ойлаймын», – деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызбаев қола медаль үшін белдесуде сербиялық татами шеберінен айласын асырып, ел қоржынына Олимпиаданың үшінші жүлдесін салды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<